БҚО-ға Атырау мен Маңғыстау облысынан құтқарушылар келді

Qaz365.kz редакциясы

Су қоймаларындағы жағдай қандай?

ТЖД

БҚО Төтенше департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Маңғыстаудан – 62, Атыраудан 49 құтқарушы келген, деп хабарлайды өңірдегі qaz365.kz тілшісі.

Атыраулық құтқарушылар Бөрлі және Қаратөбе ауданына, маңғыстаулық 15 құтқарушы Казталов ауданына, қалғандары Орал қаласында жұмыс жасайды.

Қазір Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында және Шыңғырлау, Бөрілі, Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұдан бөлек Сырым мен Қаратөбе, Қазталов аудандарында жағдай қиындау.

ТЖ мәліметінше, су қоймаларындағы жағдай қалыпты. Ал Чувашкин ауылы тұсында Шаған өзені, Жалпақтал және Қайыңды ауылы тұсында Кіші өзен, Белес ауылы тұсында Деркөл өзені, Чеботарев ауылы тұсында Быковка өзені, Рубежин ауылы тұсында Рубежка өзені қауіпті деңгейден асып кетті.

Нұрлыбек Рахманов