Қырғыздар 7 бала туған анаға 5 млн 700 мың теңге төлемек

Nur-Altay Umirzak

Қамшыбек Тәшиев: Бұл мәжбүрлі шара. Халқымыздың санын арттыру керек

Сурет: Kg.akipress.org

Қырғызстанның ҰҚК басшысы Қамшыбек Тәшиев мемлекет балалардың тууы үшін біржолғы жәрдемақыны жоғары сомада төлейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kg.akipress.org сілтеме жасап.

"Төрт бала үшін 100 мың сом, бесінші бала үшін — 600 мың сом, жетінші балаға — 1 миллион сом, сегізінші, тоғызыншы бала үшін — 1,5 миллион сом, оныншы бала үшін — 2 миллион сом мөлшерінде біржолғы төлем болады. Бұл – мәжбүрлі шара. Халқымыздың санын арттыру керек. Әйелдер босануға дайын екенін айтады, бірақ балаларды өсіру қиынға соғады", – деді ол.

Ташиев жәрдемақылар тек әйелдерге берілетінін, бұл ер адамдарға қатысты емес екенін атап өтті.

Бұрын ол әйелдерді кем дегенде әр отбасында 5-6 баладан босануға шақырған.