Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатты

Qaz365.kz редакциясы

Президент Жарлыққа қол қойды

Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлықтары бойынша, Сәбила Мұстафина, Константин Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:

Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.