Сенаторлар Ләззат Сүйіндікті ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі етіп тағайындады

Nur-Altay Umirzak

Депутаттар Ләззат Сүйіндіктің ОСК мүшесі лауазымына кандидатурасын қолдаған

Фото: primeminister.kz

Бүгін Сенаторлар Ләззат Сүйіндікті ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі етіп тағайындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сенат отырысында депутаттар Ләззат Сүйіндіктің ОСК мүшесі лауазымына кандидатурасын қолдап, бұл мәселені Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті шеңберінде алдын ала талқылады.

Ләззат Сүйіндік –  Л. Гумилев атындағыЕуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты. Ұлыбританиядағы Шеффилд Университетінде оқыған. Коммуникация саласында үлкен тәжірибесі бар. Ұзақ уақыт Ақпарат Министрлігінде және "Хабар"агенттігінде жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатқаны туралы жазған болатынбыз.