Өткен жылы 62 мың жетім баланың 809-ы ғана баспаналы болған - Генадий Шиповских

Nur-Altay Umirzak

Жетім балаларға арнайы жаңа бағдарлама дайындап ұсынуларыңызды сұраймын

Сурет: parlam.kz

Бүгінгі Парламент отырысында депутат  Генадий Шиповских Үкімет басшысына арнайы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Өткен жылы 62 мың 209 жетім баланың 809-ы ғана баспаналы болған. Орта мектепті бітірген жетім балалардың жұмысқа орналасу көрсеткіші көңіл көншітпейді. Ағымдағы жылы Мәнсап орталығының мәліметінесәйкес жұмысқа орналасқан 4275 адамның 85-і ғана жетімдер. Бұл көрсеткіштер неге төмен деңгейде жүріп жатыр? Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыспен орналасуға көмектесетін жаңа бағдарлама дайындап ұсынуларыңызды сұраймын” – деді депутат.

Депутат  Генадий Шиповских жолдаған сауалына заңдық тәртіпте көрсетілген уақытта жазбаша жауап беруді сұрады.