Үкімет басшысының орынбасары депутаттардың бұл бастамасын қолдамады
Алдағы уақытта Отбасы банк арқылы жүзеге асырылатын «9-20-25» бағдарламасына жылына 150 млрд теңге бөлу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін депутаттар аталмыш бағдарламаның алғашқы жарнасын 20%-дан 10% пайызға азайту керек деп мәселе көтерген болатын. Соған байланысты пайыздық мөлшерлемені 8% пайызға төмендетсек, халыққа шынымен тиімдірек болады деген.
Үкімет басшысының орынбасары депутаттардың бұл бастамасын қолдамады.
«9-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй үшін бастапқы жарнаның мөлшерін төмендетуге қатысты келесіні атап өткен жөн. Несие бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен кредиттік тәуекелдер үшін қаржылық тәуекелдерді міндетті сақтандыру болып табылады. Банктердің мақсаты несие алушының төлем қабілеттілігін сапалы және теңгерімді бағалау болып табылады, бұл оған болашақта ипотекалық несие төлеу арқылы жайлы өмір сүруге мүмкіндік береді. Бұл ретте, бастапқы жарна мөлшерінің төмендеуі несие алушыға ай сайынғы қаржылық жүктемені ұлғайтады, сондықтан ол тиімсіз болып саналады. Алайда, табысы төмен азаматтарға бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде қаржылық қолдау көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаттарын бөледі», - дейді Скляр жауапта.