Зеленский Қазақстанға не үшін алғыс айтты

Qaz365.kz редакциясы

16 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

t.me/V_Zelenskiy_official

Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанға алғыс айтты, деп хабарлайды Qaz.365.kz.

"Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Сонымен қатар, мен Қазақстанға Украинаны гуманитарлық қолдағаны үшін алғысымды айттым", - деп жазды Зеленский Telegram арнасында.

Еске салайық, 16 ақпанда Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен еді.

Ақорда мәліметінше, екі ел басшысы Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.