"Екеуміз Американы құтқарамыз" – Трамп Илон Маскқа үкіметтен қызмет ұсынды

Nur-Altay Umirzak

Илон Маск бұл лауазымда 2026 жылдың шілдесіне дейін істеуі керек

Сурет: rollingstone.com: Anna Moneymaker/Getty Images

Дональд Трамп үкіметтегі жаңа тиімділік департаментін бизнесмендер Илон Маск пен Вивек Рамасвамиге бірлесіп басқаруды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Екі ғажап америкалық «Американы құтқарамыз» қозғалысының басты шарттары - бюрократияны жою, артық реттеу тетіктерін қысқарту, федералдық агенттіктердің шығысын азайту секілді істе қолғабыс жасап, менің әкімшілігіме жол нұсқайды», – делінген Трамптың мәлімдемесінде.

Жаңа департаменттің қысқартылған атауы “DOGE”. Бұл Маск қолға алған Dogecoin криптовалютаның атауына ұқсайды.

Маск пен Рамасвами бұл лауазымда 2026 жылдың шілдесіне дейін істеуі керек.