Тоқаев Сербия президентіне Алматы апорты салынған сандықты сыйға тартты

Nur-Altay Umirzak

Сербияда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарлап бару құрметіне кешкі ас берілген

Фото: коллаж

Александр Вучич Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бүгін Қазақстан Президентін қабылдау құрметіне ие болдым. Сербия – достарына есігі әрдайым ашық ел, бүгінгі кеш соның айқын дәлелі. Біздің қонақжайлық дәстүрімізді үстел басында анық байқауға болады. Онда біз тамақты ғана емес, бізді біріктіретін құндылықтарды бөлісеміз. Бүгін сыйлыққа қазақтың әйгілі алмасын алдым, – деп жазды Сербия президенті.

Сондай-ақ Александр Вучич Президент Қ.Тоқаевтың сапары Сербия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі бекіте түсетініне сенім білдірді.