Тоқаевтың тапсырмасын орындамаған шенеуніктер енді жазаланатын болды

Qaz365.kz редакциясы

Президенттің тапсырмаларын орындамағаны үшін қолданылатын жаза қосылды

Фото: Рexels.com

Қазақстанда президенттің тапсырмаларын орындамағаны үшін мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолданылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президенттің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығына тиісті өзгерістер енгізілді.

Қазір мемлекеттік саяси қызметшілер:

  • өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамағаны;
  • лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны;
  • қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзғаны;
  • заңдарда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылатын.

Енді осы тізімнің қатарына президенттің тапсырмаларын орындамағаны үшін қолданылатын жаза қосылды. Яғни президент тапсырмаларын, сондай-ақ ҚР Президенті әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шенеуніктер тәртіптік жазаға тартылады.