Президент Тоқаев Қазақстан мен Ресей серіктестікті жайында мақала жариялады

Nur-Altay Umirzak

Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы болып қала береміз

Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Ресей:стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі» атты «Известия» газетіне мақала жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас жаһандық сын-қатерлерге қарамастан тату көршілік пен сан салалы ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп келе жатқанын тілге тиек еткен.

Президенттің  жарияланған мақаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс қарқынды дамып келе жатқандығы айтылып, төмендегі бірнеше бастамалар жайында айтып өткен:

  • Қазақстанда Ресейдің 23 мың компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Оның 4 мыңы соңғы бір жылдың ішінде құрылды.
  • 2023 жылы Ресей компаниялары Қазақстанға 3 млрд доллардан астам инвестиция салды.
  • Екі жақтың шекара маңындағы аудандарында 32 миллионға жуық адам тұрады.
  • «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»: Елдеріміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты атап өтуге дайындалып жатыр.
  • Ресейдің басты мұражайлары – Третьяков галереясында және Эрмитажда Қазақстанның көрмесі ашылады.
  • Ресей бастамасымен қолға алынған «Болашақ ойындарының» кезекті сайысы 2026 жылы Қазақстанда өтеді.
  • Еліміздің оңтүстік аймақтарында Ресей мектептерін ашуды жоспарлап отырмыз. Іргелес жатқан Ресей қалаларында Қазақстан мектептері ашылады деп сенеміз.
  • Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын, ал Омбыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігін ашу жоспарымызда бар.
  • Біздің ел Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында Орыс тіліне қатысты халықаралық ұйым құру туралы бастама көтерді. Ұйым орыс тілін қолдау және оны насихаттау үшін ТМД елдері арасындағы байланысты дамыту мәселесімен айналысатын болады.
  • Тарихтың қақтығысқа және апатқа толы күрделі кезеңінде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы болып қала береміз", – деді Президент мақаласында.