Мәжіліс Азия Даму банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды, Qaz365.kz.
Қазақстан Азия Даму банкінен – 52,3 млрд йен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен - 52,7 млрд йен, сондай-ақ Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд йен тартады. Жалпы сомасы 190 млрд йен қарыз алмақ.
Заң жобасын Қаржы министрі Мәди Тәкиев түсіндірді.
Үкімет ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алуды жоспарлап отыр. Азия Даму Банкінің қарызы Қазақстанға 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 52,3 млрд йен сомасында 15 жыл өтеу мерзімімен беріледі, - дейді министр.
Бұл теңгеге шаққанда 600 млрд теңге болмақ.