Баян-Өлгий аймағының әкімі болып этникалық қазақ тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Бұрын аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты болған

oq.gov.kz

Моңғолия премьер-пинистрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Ақпаратты «Отандастар» қоры таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия премьер-министріне ұсынған болатын.

Моңғолия премьер-министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.