Өскеменді алты жыл басқарған Жақсылық Омар қызметінен кетті

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл қызметті 2018 жылдан бастап атқарып келді

Фото: gov.kz

Өскемен қаласын бірнеше жыл басқарған Жақсылық Омар қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бүгін 27 қарашада қала тұрғындарына видео үндеу жолдады. Омар енді Өскемен қаласының әкімі емес екенін мәлімдеді.

«Құрметті өскемендіктер, менің қызмет мерзімімнің аяқталуына байланысты. қызметінен кететінімді хабарлаймын Біздің қала жақсырақ, жайлырақ және әдемі болды деп ойлаймын», - деді Жақсылық Омар.

Жақсылық Омар Өскемен қаласында 2018 жылдан бастап әкім қызметін атқарады. Оның алдында Алматы облысы әкімінің орынбасары болған. Саяси карьерасы Шығыс Қазақстанмен тығыз байланысты. Сол өңірде облыс әкімі болған Бердібек Сапарбаевтың көмекшісі қызметінен бастап, орынбасарлығына дейін көтерілген.