Жақсылық Омар Өскемен қаласы тұрғындарына бейне жолдау жасады

Nur-Altay Umirzak

Ел басшылығы мен қала тұрғындары осы уақыт аралығында сенім білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін

Сурет: dalanews.kz

Жақсылықов Омар Өскемен қаласының әкімі қызметінен кететін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік парақшасында Өскемен қаласы тұрғындарына арнап алғыс айту бейне жолдауын жариялап, қоштасқан.

Ол өзінің лауазымында "өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты" жұмыстан кететінін айтқан.

“Қымбатты өскемендіктер! Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Ұзақ сөйлемей, қысқаша қайырып айтатын болсам, қала басшысы лауазымындағы қызметім тәмамдалуда. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз басым осынау көрікті шаһар, Өскемен қаласының тұрғындарына, яғни сіздерге, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін!"”, – деді Жақсылықов Омар бейне жолдауында.

Қала әкімінің қызметтен кетуі қазіргі уақытта шешілмеген экологиялық мәселелерге байланысты қатты сынға ұшырағанымен сәйкес келіп отыр. Қала  соңғы күндері улы түтінге толып, тұрғындар наразылығын тудырып отыр.

Бған дейін Өскемен қаласындағы оқушылардың қаладағы улы түтін таралуына байланысты қашықтықтан оқуға көшкені жайлы жазған болатынбыз.