Бес елдің басшысы қатысқан ҰҚШҰ жиынында не айтылды

Qaz365.kz редакциясы

ҰҚШҰ –  күш-жігерімізді біріктіретін бірегей тетік

Ақорда

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның төрағалығы кезінде ҰҚШҰ алдында тұрған барлық міндеттер орындалғанын айтты.

«ҰҚШҰ – мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудағы күш-жігерімізді біріктіретін бірегей тетік. Қазақстан ұйымға төрағалық еткен кезеңде ҰҚШҰ-ның алдында тұрған барлық міндет орындалды. Басым бағыттарды іске асыруда көрсеткен қолдауларыңыз үшін және бірлескен жемісті жұмыстарыңыз үшін үлкен ризашылығымызды білдіремін», - деді Тоқаев.. 

Сонымен қатар ел президенті Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындыққа ерекше назар аударылғанын да атап өтті.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындыққа ерекше назар аударылды. Бүгін біздің назарымызға ҰҚШҰ-ның тиісті мәлімдемесі ұсынылады», - деді Тоқаев.

Одан ары президенттер шағын құрамда келіссөздер өткізеді.

Еске сала кетейік, ҰҚШҰ жиынына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағанбетов қатысып отыр. ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев пен ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин де бар.