Путин: Қазақстан іс жүзінде орыс тілді мемлекет

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды.

Владимир Путин (Фото: Максим Шипенков / Reuters)

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды іс жүзінде орыс тілді мемлекет деп атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан іс жүзінде орыс тілді мемлекет. Оны сіздер де сезген шығарсыздар (журналистерге – авт.) Өкінішке қарай, әр нәрсені қалай істеу керектігін өзінше білетін адамдар бар. Болып жатқан процестерге сын айтады. Ресейдің де, Қазақстанның да қоғамында. Бұл позиция, сын екі мемлекеттің мүдделеріне сай келе бермейді. Олар әрдайым пайдалы бола бермейді. Меніңше, сол үшін байланысты күшейте беру керек. Біздің қарым-қатынасымызды бұзатын қадамдарды жасамау керек», - деді Путин.

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Путин бүгін ҰҚҰШ отырысына да қатысқан.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды.