Астанадағы митингтер кезінде танымал болған шенеуніктің баласы жоғары қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Әкесі кезінде Астанадағы митингте белсенділерді ұстау кезінде танымал болған

Фото: gov.kz

 Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаевтың ұлы Азамат Малыбаев Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол әлеуметтік сала, ішкі саясат және кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жауап береді.

Кіші Малыбаев мемлекеттік қызметтегі мансабын 2019 жылдан бастап Астана басқармаларында бас маман лауазымынан бастаған. Бұдан әрі Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму бөлімінің бас инспекторы, басшысы болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, әкесі кезінде Астанадағы митингте белсенділерді ұстау кезінде танымал болған. ол кезде Астана қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары болған. Бақытжан Малыбаев биыл қыркүйек айында Жамбыл облысы полициясының басшысы болып тағайындалды.