Оңтүстік Кореядағы түнде енгізілген әскери жағдай алынып тасталды

Nur-Altay Umirzak

Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар президент Юн Сок Ёльдің отставкаға кетуін талап етуде

Сурет: The Presidential Office/Handout via REUTERS

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль өткен түнде енгізген әскери жағдайды тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл шешімді ел басшысы Оңтүстік Корея Парламентінің – Ұлттық ассамблеяның 300 депутатының 190-ы әскери жағдайды жоюға дауыс бергеннен кейін қабылдады.

Конституцияға сәйкес, әскери жағдай парламенттің көпшілігінің қолдауымен жойылуы тиіс.Құжатты қабылданғаннан кейін әскери жағдайды енгізу күшін жояды, ал әскери қызметшілер Ұлттық ассамблея ғимаратынан кетеді.

Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар Юн Сок Ёльді сынға алып, оның отставкаға кетуін талап етуде.

Еске сала кетейік, кеше түнде Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль оппозициялық Демократиялық партияны үкіметті жаулап алуға тырысты деп айыптап, «солтүстіккореялық қарсы күштерді» жою мақсатында елде әскери жағдай енгізді.