Айлығым 1 млн 200 мың, бонус пен сыйақы алмаймыз - «Қазпошта» төрағасы

Qaz365.kz редакциясы
Фото: primeminister.kz

Мәжіліс кулуарында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мен ашық түрде айтайын – жалақым 1 миллин 200 мың теңге. Мұны өткен жылы да айтқанмын. Басқа да ұлттық компаниялардың басшыларымен деңгейлес жалақы. Жасыратын ештеңесі жоқ. Бонус пен сыйақы туралы сұрақтарыңыз бар екенін білемін. «Қазпоштада» кризиске қарсы бағдарлама бар.  Тек 2023 жылы ғана табысқа шықтық. Бонус пен сыйақы алмаймыз, - дейді Әсел Жанасова.

Ол «Қазпоштаның» алдағы бес жылға жоспары бар екенін айтты. Сол межеге жетсек, қызметкерлерге бонус пен сыйақы береміз деп отыр.

Қазіргі кезде шыны керек ұяламын. Менің өзімнің жағдайым емес, поштаның жағдайы бірінші орында. Көтеретін болсам, мен ауылдағы пошташылардың, сұрыптаушылардың жалақысын бірінші көтеремін. Соларға сыйақыны да беремін. Осы жылы екі рет сыйақы бердік, өткен жылы үш рет сыйақы бердік. Бұл жалақыдан басқа ақша. Сондықтан біз әрдайым жұмыскерлерімізді қолдаймыз, – деді ол.