Новопокровка ауылының тұрғындарына «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Qaz365.kz редакциясы

Партия өкілі Сайлауалды бағдарламада халықтың негізгі мәселелерін шешуге ерекше назар аударылғанын айтты

Партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Досан Садықов Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокровка  ауылының тұрғындарымен кездесті.

«AMANAT» партиясының өкілі Сайлауалды бағдарламада халықтың негізгі мәселелерін шешуге ерекше назар аударылғанын айтты. Спикер кірісті арттыруға және өмірді жақсартуға қатысты басымдықтарға толығырақ тоқталды.

«Біз өз азаматтарымыздың мәселелерін жақсы білеміз. Біз оларды қалай шешуге және өмірімізді жақсартуға болатынын білеміз. Біз бүкіл халықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетімізді дамыту, ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту үшін ауыл шаруашылығына неғұрлым жоғары деңгейге шығуға қандай шаралар көмектесетіні туралы нақты түсінікпен сайлауға түсіп отырмыз. Бұл үшін «AMANAT» партиясы жаңа жұмыс орындарын құруға, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесіп,  орташа жалақыны ұлғайту жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Біз  жаңа заманауи тауарлы-сүт фермаларын, бордақылау алаңдарын, мал шаруашылығы кешендерін, көкөніс қоймаларын іске қосуға мүдделіміз», - деді Досан Садықов.

Сонымен қатар, ол «Жер аманаты» жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмайтын жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты жұмысты жалғастыру жөніндегі партияның жоспарларына назар аударды.

Әсіресе, ауыл тұрғындарына партияның медицина, білім беру және жастарды қолдау салаларындағы өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша ұсынған шаралары ұнады. Соңында кандидат ауыл тұрғындарын 19 наурызда сайлау учаскелеріне келіп, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.