Сирия оппозициясы Дамаскіні Асад режимінен азат етті

Qaz365.kz редакциясы
Фото: видеодан алынды/Al Jazeera

Сирияның қарулы оппозициясы Дамаск қаласын бақылауға алып, президент Башар Асадтың қаладан кеткені анықталды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Аljazeera басылымы сириялық оппозиция күштері мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқанын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.

Командир Хаят Тахрир аш-Шам Әбу Мұхаммед әл-Жулани барлық мемлекеттік мекемелер ресми түрде тапсырылғанша премьер-министр Мұхаммед Ғази әл-Жалали бақылауында болатынын айтты. Ол мәлімдемесінде оппозиция 8 желтоқсанды «жаңа дәуірдің бастамасы» деп атап, «жаңа Сирия» барлық сириялықтардың «бейбіт мекеніне» айналатынын жеткізді.

Бұл мәлімдеме оппозициялық топтардың жылдам шабуылмен бірнеше қаланы басып алғаннан кейін бірнеше сағаттан соң жасалды. Кейін Мұхаммед Ғази әл-Жалали халық сайлаған кез келген үкіметпен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Дамаскке «Хайят Тахрир аш-Шам» (ХТШ) тобы басымдыққа ие болған қарулы оппозиция күштері кірді. 8 желтоқсанға қараған түні жергілікті тұрғындар қала аудандарынан естілген қарқынды атыс дыбыстары туралы AFP агенттігіне хабарлаған. Әлеуметтік желілерде оппозиция өкілдері «тиран қашып кетті» деп мәлімдеп, енді Дамаск өз бақылауында екенін жариялады», — деп жазады басылым.