Қазақстанның ізгі ниет елшілері белгілі болды

Nur-Altay Umirzak

Жоба мәдениеттер пен халықтар арасындағы диалогты дамытуға бағытталған

Сурет: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстанның ізгі ниет елшілерінің» екінші пулы тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 

“Халық әртісі Димаш Құдайберген, опера әншісі Мария Мудряк, тележүргізуші және мәдени жобалардың продюсері Майя Бекбаева, археолог және Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Дмитрий Воякин, «Qazaq Geography» басқарма басшысы, этнограф-ғалым Әйгерім Мұсағажинова Ізгі ниет елшісі мәртебесін иеленді”, – делінген ҚР Сыриқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

СІМ мәлімдеуінше, жоба мәдениеттер пен халықтар арасындағы диалогты дамытуға және жетістіктерімізді шет елдерде дәріптеуге және еліміздің танымалдылығын арттыруға бағытталған.