Путин Қазақстанды өз мақсатына пайдаланбақ па

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы ол кезекті жолдауында мәлім етті

Фото: Александр Демьянчук/ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы оңтүстік-шығыс Азия мен Таяу Шығыс нарықтарына шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол кезекті жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ұлысмедиаға сілтеме жасап. 
 

"Перспективалы сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтіп, жаңа логистикалық дәліздер құратын боламыз. Мәскеу – Қазан экспресс жолын Екатеринбургке, Челябинск пен Тюменьге дейін, ал болашақта Иркутск пен Владивостокқа дейін жеткізіп, Қазақстанға, Моңғолияға және Қытайға шығу арқылы ұзарту туралы шешім қабылданды, бұл біздің оңтүстік-шығыс Азия нарықтарымен экономикалық байланыстарымызды едәуір кеңейтеді", – деді Ресей президенті.