Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев келесі жылы Қазақстанда көшпелі цирктің дәурені аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңнамада жабайы жануарлардың көрмесін, көшпелі зоопарк, көшпелі океанариум және тағы басқа іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салатын норма қарастырылған. Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан мен келесі жылдың 1 қаңтарында осы көшпелі цирктердің, хайуанаттар бағының және тағы басқалардың қызметі тоқтайды деп ойлаймын, – деді Ерлан Нысанбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.
Бұған дейін Өзбекстан жыртқыш аңдардың қойылымдарда өнер көрсетуіне тыйым салынатынын хабарлаған еді.