Тоқаев жаңа жылдың алдында вице-премьерді қызметінен босатты

Qaz365.kz редакциясы
Фото: primeminister.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровты қызметтен босатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нұрлан Серікұлы 1975 жылы 10 қазанда туған.
2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы болды.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционерінің 2023 жылғы 05 қазандағы шешімімен Холдингтің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

2024 жылдың 6 ақпаннан бастап  премьер-министрінің орынбасары- Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.