Депутат журналистердің сұрақтарына жауап берді
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов өзін популист деп атайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Сізді популизмге көп барады деп айтады. Солай ма?» деген сұраққа депутат келіспейтінін айтты
«Популистік ұстаным маған қажет емес. Менің танымал болғаныма 20 жылдан асып кетті», - деді ол.
«Ең төменгі айлық 300 мың теңге болсын деген популизм емес пе?» деп де сұрақ қойылған.
«Маған ол жерде “қанша болу керек?” деген сұрақ қойылды. Мен “кемі сонша болу керек” деп жауап бердім. Әлі де сол ұстанымдамын. Қымбатшылықты, бәрін ескере отырып, айлық жайлы айтқаным. Үкімет есеп бергенде өтірікті ұрып жібереді. Сондықтан, оны популизм үшін айттым деп ойламаймын», - деді депутат.