Бұл туралы партияның баспасөз хатшысы айтып берді
Назарбаев "AMANAT" партиясына мүше ме? Бұл туралы партияның баспасөз хатшысы Азаттыққа айтып берді.
“Констиутцияда әркім қай партияға жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құқылы деп көрсетілген. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаевтың рұқсатынсыз ол қай партия мүшесі немесе мүшесі емес екені туралы ақпаратты жариялай алмаймыз”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың “AMANAT” партиясына мүше екені жайлы ақпарат еш жерде жарияланбаған.