Қазақстандағы авиакомпаниялар кезектен тыс тексеруден өтетін болды

Nur-Altay Umirzak

Оған Ақтауда орын алған оқыс оқиға себеп болған 

Сурет: Air Astana

Қазақстандағы авиакомпаниялар кезектен тыс тексеруден өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеп отыр. 

«Бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралардың шеңберінде отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамаларын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет.Орын алған жағдайдан осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін нақты ұсыныстарды әзірлей отырып дұрыс қорытынды шығару қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.

Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде құзырлы органдарға арнайы тапсырма берген.