Атышулы Симоньян «Қазақстанға әскер жіберсек бақытты болар едім» деп мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

Ол Ресейдің пропогандистерінің бірі

Скриншот: «Эмпатия Манучи»

Ресейлік тележүргізуші, пропогандист Маргарита Симоньян тағы да шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Симонян Ресей әскерін Сириядан шығаруды теріс қадам деп санайтынын атап, сөз арасында Қазақстанға ақпараттық шабуыл жасады. 

«Мен Украинада да, Сирияда да, шақырса Қазақстандағы "бармалейлерді" де ауыздықтай алсақ, бақытты болар едім. Өкінішке қарай, бұлай әлі істеп жатқан жоқпыз», – деді ол.

Симоньян бұған дейін Қазақстанға қаратып, осындай мәлімдемелер жасаған. Ол Ресейдің пропогандистерінің бірі. Қазақстанда бөлімшесі бар «Sputnik» басылымының бас редакторы.