Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі бақылайды
Президент Қасым -Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Бүгін Қазақстан Президенті 2025 жыл туралы Жарлыққа қол қойды. Бастаманың мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде реформаларды іске асыру. Президент Үкіметке жұмысшы мамандықтар жылын өткізу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды”, – делінген хабарламада.
Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне тапсырылған.