Сара Назарбаева 2025 жылы 84 жасқа толады
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаева бірінші жұбайы Сара Алпысқызы өмірден өтті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz
Алайда мұны Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды.
Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді,- деп жазды ол өзінің X парақшасында.
Айта кетейік, Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1992 жылы ол «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын құрды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша білім беру жобасының авторы.