Ресейдің 233 мың азаматы Қазақстаннан ЖСН алды: енді бұл процесске шектеу қойылды

Qaz365.kz редакциясы

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтатылды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін болған пилоттық жоба бүгін бітеді. Бір жылда 435 мыңдай шетел азаматы Қазақстанның ЖСН-ін алған.

Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтатылды, – делінген хабарламада.

ЖСН туралы қосымша ақпарат елшілік сайтында жарияланады.

Жалпы 2024 жылы шетелдік 435 408 азаматқа Қазақстанның жеке сандық нөмірі берілген. Оның ішінде 233 013-і Ресей, 121 719-ы Өзбекстан, 13 846-ы Тәжікстан, 9308-і Қырғызстан азаматтарына тапсырылған.