Қазақстанның шет елдердегі екі елшісі қызметінен босатылды

Nur-Altay Umirzak

Мысыр мен Тунис және Хорватиядағы елшілер қызметінен босатылды

Сурет: Depositphotos

Қазақстанның шет елдердегі екі елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан, Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.