Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады

Qaz365.kz редакциясы

Түркістан облысының қазіргі әкімі Дархан Сатыбалды

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

6 қаңтар күні облыстық Мәслихат депутаттарының жиналысында облыстың жаңа басшысын тағайындау мәселесі қаралады, хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Түркістан облысының мәслихаты хабарлады.  

«Күн тәртібіндегі мәселе - Түркістан облысының әкімін тағайындауға келісім беру», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік,  Түркістан облысының қазіргі әкімі Дархан Сатыбалды. Ол 2022 жылдың 31 тамызында сайланған болатын.