Армения үкіметі Еуроодаққа қосылу процесін мақұлдады

Nur-Altay Umirzak

Бұл туралы елде жалпыхалықтық референдум өтуі мүмкін

Сурет: depositphotos.com/Ale_Mi

Армения үкіметі Еуроодаққа қосылу процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұндай шешім бүгінгі министрлер кабинетінің отырысында қабылданған.

“Армения Еуроодаққа қосылу бойынша процесті бастағаны туралы хабарлайды”, – делінген заң жобасының мәтінінде.

Елдің сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян бұл туралы өз пікірін білдірген.

“Заң жобасы ұлттық ассамблея қарауына азаматтық бастама ретінде ұсынылған, енді ел үкіметі белгіленген тәртіп бойынша өз ұстанымын білдіруі кереК. Еуроодақ Армениядағы демократияға деген саяси қолдауын бірнеше рет білдіріп, қолдауға дайын екенін көрсетті. Және Армения айналасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты", –  деді ол.

 Елдің премьер-министрі Никол Пашинян осы отырыста Еуроодаққа қосылу үшін референдум керек дейді.

“Арменияның Еуроодаққа қосылуы туралы шешім тек жалпыхалықтық референдум арқылы қабылдануы мүмкін деп мәлімдеді. Ол уақытқа дейін Армения мен ЕО "жол картасын" әзірлеуі керек”, –  деді ол.