Білім беру саласының өкілдеріне «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Qaz365.kz редакциясы

«AMANAT» өкілі партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді

Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрлан Айманов Петропавл қаласының №4 мектебінің ұжымымен кездесті. «AMANAT» өкілі партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Білім беру сапасын жақсарту үшін біз Петропавл қаласында «Копай», «Жас Өркен», «Орман» және «Береке» шағын аудандарындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп салуға ұмтылатын боламыз. Сондай-ақ, барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі», - деді Нұрлан Айманов.

Соңдай-ақ, кандидат кездесуге қатысушыларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары туралы айтып берді.

«Партия «Береке» және «Жас Өркен» шағын аудандарында емханалар құрылысын аяқтауға және денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыруға ықпал ететін болады. Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде кадр тапшылығы 208 адамды құрайды. Біз денсаулық сақтау ұйымында жыл сайын кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге ниеттіміз», - деп атап өтті Нұрлан Айманов.

Кездесу соңында кандидат дауыс беруге белсене қатысу қажеттігі туралы айтып, сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.