Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтаған
«Ақорда» резиденциясында тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Президент еліміз жаһандық және өңірлік деңгейдегі тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты бағдары”, – делінген ақпаратта.
Сенім грамоталарын:
- Кипр Республикасының елшісі Петрос Накузис,
- Жапония елшісі Ясумаса Ииджима,
- Қытай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлинь,
- Австрия Республикасының елшісі Андреа Бахер,
- Буркина-Фасо елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсоба,
- Лаос Халық Демократиялық Республикасының елшісі Сипхандон Ойбуабудди,
- Жаңа Зеландия елшісі Марк Джулиан Трейнор,
- Дания Корольдігінің елшісі Йеспер Вар,
- Словения Республикасының елшісі Аленка Сухадолник табыстады.
Кездесу соңында Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттер басшыларына ыстық ықыласын жеткізді.