Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Nur-Altay Umirzak

Түркияда бүгін 22 қаңтар аза тұту күні деп жарияланған

Сурет: haberturk.com.tr

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевТүркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді”, – делінген Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Еске сала кетейік, кеше түнде орын алғанТүркиядағы тау-шаңғы шипажайындағы өртке байланысты 22 қаңтар аза тұту күні деп жарияланған болатын. Соңғы мәлімет бойынша оқыс оқиғадан қаза тапқандар саны 76-ға жеткен. Өрттің шығу себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары басталып, 9 адам ұсталғаны хабарланған.