Ол Алматы мен Жетісу облыстарында бірнеше лауазымды қызметтер атқарған
Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 2025 жылғы 23 қаңтарынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
“Әсет Дүйсебекұлы 1985 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Электрэнергетикалық жүйелер және тораптар» мамандығы бойынша, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы, Ресей халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциялары" АҚ-ның электромонтеры болып бастаған.Әр жылдары "Наз" ЖШС-ның бас энергетигі, "Алмаз және КЮС" ЖШС техникалық директоры, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, Алматы қаласы Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі лауазымдарында қызмет атқарған”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Ол 2024 жылғы 16 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін "ULKEN GROUP LTD" жеке компаниясының басқарушы директоры лауазымында қызмет еткен.