Ресей Қазақстанның үш қаласына жылу станцияларын салады, жағдай қалай болмақ?

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Алматы электр станциясының ресми сайтынан

Ресей Қазақстанның үш қаласына жылу станцияларын салатын болды. Сонда  жылу станцияларының тарифін кім белгілейді. Бұл сұраққа бүгін Үкіметте энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жауап берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Үш жылу электр орталығын салуға үкіметтің келісімі бар. Жұмыстар істеліп жатыр. Тапсырыс беруші ретінде Самұрық-Энерго компаниясы бекітілген. Жалпы Ресей тарапы өз станцияларды мердігер ретінде тек салады. Салып болғаннан кейін ол станциялар Самұрық-Энерго компанясының құзіретінде болады. Ешқандай Ресей тарапына ауыспайды. Ақпарат жалған. Орталық салынғаннан кейін тариф бекітіледі де, содан кейін бастап инвестицияны қайтару басталады, - дейді Сұңғат Есімханов.

Айта кетейік, қараша айында ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей тарапы  Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа жылу электр станцияларын салатынын мәлімдеген.