Шавкат Мирзиёев пен Садыр Жапаров таудың үстінде шай ішті

Qaz365.kz редакциясы
president.uz

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ташкент облысында орналасқан «Амирсой» тау-шаңғы курортында бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өзбекстанның president.uz сайтының жазуынша, Шавкат Мирзиёев Ташкент облысындағы «Амирсой» курорттық кешенінде Қырғызстан президентімен бейресми кездесу өткізген.

Екі ел басшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, халықаралық саясат және өңірлік өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты.

Қырғызстан президенті заманауи әлемдік стандарттарға сай келетін туристік тау шаңғысы кешеніндегі жасалған жағдай мен инфрақұрылымды жоғары бағалады.

Өзбекстан мен Қырғызстанның бірегей геоландшафты мен табиғи байлығын ескере отырып, курорттық-рекреациялық орталықтар құруға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілету туралы келісімге қол жеткізілді.