«Елді дүрліктіреді»: Президент әлеуметтік желідегі «қоғам белсенділері» жайлы айтты

Qaz365.kz редакциясы

"Биліктің түпкі мәні дұрыс, бірақ шешімдері бәріне бірдей ұнай бермейді"

Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде өзін қоғам белсендісі санайтын топтар пайда болғанын және олардың  елді дүрліктіретінін еске салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Олар көп жағдайда әлеуметтік желіні пайдаланып, биліктің түпкі мәні дұрыс, бірақ бәріне бірдей ұнай бермейтін шешімдері туралы орынсыз дау көтеріп, елді дүрліктіреді. Сондықтан барлық шешімді халыққа жақсылап, мұқият түсіндіру маңызды. Бұл мәселе бүкіл аймаққа қатысты. Кез келген жұмыс барынша ашық әрі түсінікті болған жөн», - деді Тоқаев.