"0 пайыз". Вице-премьер қосылған құн салығы қай салаларға әсер етпейтінін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Себебі оларды қолдау керек, бүкіл тағам сол жақтан келеді,

Ақорда

Үкіметте өткен брифингте вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстанда қосылған құн салығы көтерілгеннен кейін азық-түлік пен басқа да тауарлардың қаншалықты қымбаттайтынын туралы журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл реформаның бір ерекшелігі – қосылған құн салығын төлейтіндер тізімін ұлғайту. Оны қазіргі уақытта 137 700 кәсіпкер төлеп отыр. Нақты төлейтіні – 88 мың, 2 миллион 300-ден тек төрт пайыз қосылған құн салығын төлейді, қалғаны ештеңе төлемейді. Сол себепті қосымша құн салығын төлейтіндер тізімі бұзылып, қазіргі уақытта жұмыс істемей тұр. Қазір 20 пайыз істейміз деп нақты ешкімге айтқан жоқпыз, бірақ әйтеуір солай көтереміз деген жоспар бар. 16, 20 пайызға дейін көтерсек, орташа кәсіпкерге жүктеме төрт пайыздан астам болмайды. Бұл бизнестің банкрот болуына әсер етеді деп ойламаймыз. Осы ретте ауыл шаруашылығына қосылған құн салығы 0 пайыз, оны көтермейміз, себебі оларды қолдау керек, бүкіл тағам сол жақтан келеді, фармацевтика, медицинаға – 10 пайыз. Бұл ертең қарапайым адамның әл-ауқатына әсер етпес үшін, - дейді Серік Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік салық пен жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын алып тастау жоспарланғанын айтты. Жұманғариннің сөзінше, елде қосылған құн салығы көтерілгендіктен, бизнеске қатысты бірқатар салық өзгерістері енгізілетінін жеткізді.