АИ-92 бензині 5 теңгеге қымбаттайды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: pixabay

Қазақстанда бензин алдымен 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы бүгін өз министрлігінде журналистерге брифинг өткізіп жатқан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жанар-жағармай келесі айдан бастап қымбаттайды. Баға 5 теңгеге өсіп, АИ-92 маркалы бензиннің литрі 210 теңгеге барады. «Алаңдауға негіз жоқ, жағдай бақылауымызда», - дейді Энергетика министрі. Сондай-ақ «жанар-жағармай 400 теңгеге қымбаттайды» деп әлеуметтік желіде тараған ақпаратты да жоққа шығарды.

Қазіргі жағдайда бағаның өсуі - заңдылық. Өйткені бізге өңдеу және мұнай салаларына көбірек инвестиция тарту қажет. Сондай-ақ, ел бюджетін толықтыру да маңызды. Осының бәрін ескеріп, қазақстандықтардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсірмейтіндей баға белгілейміз, – деді министр.

Ол алғашқы бағаның көтерілуі 5 теңгеге дейін болады деп күтіп отырмыз деп айтты. 4 теңге болуы да мүмкін. Әрі қарай бағаның өзгеруіне біз өте қатты ден қоямыз дейді.

Еске сала кетсек, 28 ақпан күні Сәтқалиев жанар-жағармай өнімдерінің бағасы қымбаттайтынын мәлімдеген болатын. Министр бензин мен дизель отынының, сұйытылған мұнай газының бағасы ақпаннан, тауарлы газ бағасы жазда көтерілетінін жеткізді.