Қызылорда облысында "AMANAT" партиясының үміткерлері кәсіпкерлермен кездесті

Qaz365.kz редакциясы

Кәсіпкерлік саласы «AMANAT» партиясының ұдайы назарында

Кәсіпкерлік саласы еліміздің күретамыры саналады. Барлық саланың жандануы, жаңаруы сонымен тығыз байланысты. Кәсіпкерлікке салынар салықтың жеңілдігі, кәсіпкерлікті негізсіз тексеруді доғару секілді мәселелер – күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптар. Бұл «AMANAT» партиясының ұдайы назарында, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін «AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер «AMANAT» партиясы қалалық филиалы ғимаратында кәсіпкерлермен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Облыстық мәслихатқа үміткер Бақдәулет Ысқақов кәсіпкерлер елдік мәселеде әрдайым беделді екеніне тоқталып, ризашылығын жеткізіп, партияның кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмыстарымен таныстырды. 

«AMANAT» – халықтың партиясы. Сол себепті ел азаматтарының тыныс-тіршілігін  зерделей келе  сайлауалды бағдарламасында ең алдымен  тұрғындардың  әлеуетін арттыру бағытында кешенді жоспар құрып отыр. Соның ең негізгісі – баспана мен жұмыссыздық мәселесі», – деді Бақдәулет Махашов.

Үмікер Гүлшат Мұсаева кәсіп ашудағы кедергілер, бастаған кәсіпті дөңгелетіп алып кету аясында пікір алмасып, кәсіпкерлікті қолдау бойынша партияның сайлауалды бағдарламасындағы айқын мақсаттарды жеткізді.

«AMANAT» партиясы облыста өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 30%-ға өсіруге, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 130 мың адамға жеткізуді сонымен қатар  негізгі капиталға инвестиция көлемін 2 есеге артыруды мақсат етіп отыр.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді