«AMANAT» партиясы БҚО-да жыл сайын 13 мың жұмыс орнын ашуға күш салады

Qaz365.kz редакциясы

Кандидаттар әрбір бутик пен сауда нүктесіне кідіріп, сатушылар мен тұтынушыларға партиялық сайлауалды бағдарламасының мақсат-міндеттерін таныстырды

«AMANAT» саяси ұйымының сайлауалды партиялық тізімі бойынша Батыс Қазақстан облысынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған кандидат Снежанна Имашева, Ербол Салықов және облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидат Берік Хусаинов «Орал» сауда-ойын-сауық кешенінде болып, үгіт-насихат жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаладағы ең ірі кәсіпкерлік нысандарына жататын кешен тұтынушылардан арылған емес. Кандидаттар әрбір бутик пен сауда нүктесіне кідіріп, сатушылар мен тұтынушыларға партиялық сайлауалды бағдарламасының мақсат-міндеттерін таныстырды. Мұндағы қызметкерлердің көбі – жастар. Олар Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына алғаш рет қатысқалы тұрғанын айтты.

Батыс Қазақстан облысы – ірі өнеркәсіптік-аграрлық аймақ. Өңірде экономикалық белсенді халықтың 95%-ы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрайды, яғни, 16,8 мың адам. «AMANAT» партиясы жұмыссыздық деңгейін одан әрі азайтуға күш салмақ.

Кандидат Ербол Салықов өңірде жыл сайын кемінде 13 мың жұмыс орнын ашуға партия ықпал ететінін атап өтті. Жалпы құны 1,4 трлн теңге болатын 52 инвестициялық бастама жүзеге асырылады. «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ауыл тұрғындарына бизнес үшін жеңілдетілген несие беріледі. Жалпы алғанда, 2027 жылға дейін өңірде кемінде 60 мың жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Соның ішінде 30 мыңнан астамы тұрақты жұмыс болады.

Сауда кешенінде саяси ұйым бағдарламасының негізгі 10 бағытына тоқталған кандидаттар тұрғындарды сайлауда «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырып, үнпарақтар таратты.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.