«Ресейге көмектескен екі қазақстандық санкция тізіміне ілікті». Министрлік не дейді?

Qaz365.kz редакциясы
qazaq.today

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанға қандай санкция салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

ЕуроОдақ елдері Ресейге 16-санкция пакетін дайындап жатыр. Оған Ресейге көмектесіп отырған қазақстандық екі компания іліккен.  

Мұндай жағдайлар осыған дейін де қайталанған болатын. Қазақстандық билік мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін нақты қандай шаралар қабылдап жатыр?

Бұл мәселе өте күрделі. Осыған қатысты премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің қарауында арнайы жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобының қарауында барлық министрліктерге қарасты осы санкция мәселесін қарастырады. Бізде бірнеше маман ЕуроОдақ елдері және АҚШ-пен санкция мәселесі бойынша тікелей байланыста. Сіз айтып отырған тізім бойынша бізде ресми ақпарат жоқ. Бейресми түрде біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бірақ қазақстандық компаниялар санкция тізіміне кіре ма кірмей ма шешімді  сол ЕуроОдақ өзі қабылдайтын болады. Біздің тарап барлық тетіктерді қолданып, ақпарат алмасып жатырмыз. Егер сіз айтқандай тізім мен компаниялар анықталған жағдайда арнайы протоколдар бар, соған қарай шешімдер қабылдайтын боламыз. Бірақ ол шешім – нақты қандай салаға, бағытқа, санкция түріне байланысты болады. Нақтысын, анықталған жағдайда көре жатармыз»,  – деді Қайрат Төребаев.