Бүгін Мәжілістің кулуарында тілшілер Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен еңбек қауіпсіздігін сақтамаған шахталарға қандай жаза қолданатынын сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алпауыт компанияларға бірнеше миллион төлеп, еңбек қауіпсіздігін сақтағанға қарағанда, айыппұл төлеп құтылған оңай. Сондықтан еңбек қауіпсіздігін сақтамаса, Кеңес одағындай жауап тастау керек деген ұсыныс айтып жүр. Осыған не айтасыз?, - деп сұрады тілшілердің бірі.
Министр шахтада болатын төтенше жағдайлардың негізгі себебі – жабдықтың тозуы. Бұрын жабдықты тексеруге мүмкіндік болған жоқ деп отыр.
Тексеру жоспарларын бекіте алмайтынбыз. Қазіргі таңда біздің қызметкерлер регламенттің бәрін тексеріп, қадағалайтын болады. Ал талаптарды орындамаған кезде кәсіпорынды жауып тастауға дейінгі бүкіл мүмкіндік бар. Бірінші талап – жабдықтардың сәйкес болуы. Одан кейін техниканың, мамандардың сәйкес болуы. Соның бәрінде тексеру өткізіп, өнеркәсіп қауіпсіздігінің қызметкерлері ұйғарым, - деді Шыңғыс Әрінов.
Министр әзірге заңнаманың ол тетігі ешбір шахтаға қолданылмағанын айтты.
Біз кәсіпорындардың жұмысын тоқтатпау үшін барлық жағдайды жасаймыз. Жұмыс тоқтаған кезде қандай шығындар болуы мүмкін екенін, оның әлеуметтік жағымсыз әсері болуы мүмкін, - деді ол.