Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Qaz365.kz редакциясы

Ол осыған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды

Фото: Gov.kz

Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі болып, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, ол осыған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып келген.